Президент қарызы 90 күннен кешіккен адамдарды "жаңа несиеден арашалайтын" заңға қол қоймақ
251
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұтыну несиелерінің шамадан тыс артуына жол бермеудің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының айтуынша, кепілсіз онлайн-микрокредиттерді қатаң реттеу қажет.
Өкінішке қарай, бейсаналы тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, олардың белгілерін биыл ғана көріп отырған жоқпыз.
Бүгінде проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам өз міндеттемелерін орындай алмай отыр. Олардың көбі үмітсіздіктен ескі несиені өтеу үшін жаңасын алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап "Жеке тұлғаларды оңалту және олардың банкроттығы туралы" Заң іске қосылуға тиіс, - деді Президент.
Бүгінде проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам өз міндеттемелерін орындай алмай отыр. Олардың көбі үмітсіздіктен ескі несиені өтеу үшін жаңасын алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап "Жеке тұлғаларды оңалту және олардың банкроттығы туралы" Заң іске қосылуға тиіс, - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, кепілсіз онлайн-микрокредиттерді қатаң реттеу қажет.
Кейбір елдерде оған толық тыйым салынған. Бұл тәжірибені зерттеу керек. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларды жаңа міндеттемелер қабылдаудан арашалау тетігін ойластыру қажет. Жақын арада мен тиісті Жарлыққа қол қоямын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.