Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға кезексіз 20 гектар жер берілмек

333
Жаңа жылдан бастап оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтар мен қандастарға кезексіз 20 гектар жер беріледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтың  айтуынша, биыл оңтүстіктен солтүстікке 7 550 адам көшкен. Оның 1 200-і – қандас, тек 76 адам оңтүстікке қайтқан.

Солтүстіктен көшіп кеткен 33 адамға сол жақтың климаты, ал 30 адамға солтүстіктен тапқан жұмысы ұнамаған. Енді биыл солтүстікке көшіп барған азаматтарға өз шаруашылығын жүргізуге кезексіз 20 гектарға дейін жер беру мәселесі заң жобасында тұр, - деді Ілияс Испанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Осы орайда ол бұрын солтүстікке көшіп барған қазақстандықтар мен қандастарға 40 сотық және 1 гектар жер біріліп келгенін жеткізді.

Енді шаруа қожалығын жүргізуге 20 гектар жер беріледі. Бірінші 5 жылда жер жалға беріледі. Егер 5 жылда ол өзі ойлаған межеге жетіп, кәсібін дамытса, онда жер 49 жылға жалға беріледі, - деді басшы.

Бүгінде заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр.

Өзгеріс күшіне енген жоқ. Біз ұсынысты енгіздік. Қазір заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр. Заң жаңа жылдан кейін күшіне енуі керек. Көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін өзгерісті күшіне енгізуге тырысамыз, - деді Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.