Президент шыршасына қатысқан оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат берілді

243
Биылғы президент шыршасы еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Биыл республика бойынша президент шыршасына 4 мыңнан астам оқушы қатысып, әрбір қатысушыға бағалы сыйлық пен 100 мың теңгелік сертификат табысталған. 


Биылғы жаңажылдық шыршаның тақырыбы "Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!" болды.
Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты, - деді оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейітов.


Олар оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.