"2023 жылы 1 млн адамды жаңа жұмыспен қамтимыз", – Тамара Дүйсенова

307
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде азаматтарды жұмыспен қамту шаралары қалай ұйымдастырылатынын баяндады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.




Қазіргі геосаяси жағдай, жастардың едәуір ағыны, күтілетін жұмыстан босату және жаңа жұмыс орындарының аз генерациясы ұлттық еңбек нарығының негізгі сын-қатерлері және халықтың нақты табысына әсер ететін факторлар болып отыр. Сондықтан министрлік жұмысының осы бағыты отбасының кемінде бір мүшесін ресми жұмыспен қамтамасыз етіп, оның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыстыруды негізгі мақсат етеді. Негізгі нәтиже жыл ішінде жастарды, жұмыспен қамтылмаған азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда шамамен 1 млн адамды жұмысқа орналастыру, – деді ведомство басшысы.

Министр Отбасының цифрлық картасынан алынған деректер негізінде негізгі нысаналы контингент қалыптастырылатынын еске салды. Олар: екі және одан да көп жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар; жұмыс істемейтін жастар; денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істеуге қабілетті мүгедектігі бар адамдар.

Оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын ұсынатын SMS-хабарламалар жіберіледі. Шараға қатысуға келісім берген азаматтардың ішінен өңірлерде жұмысқа орналасатын адамдардың тізілімі қалыптастырылады.
Жергілікті атқарушы органдар 15 қаңтарға дейін осы контингентпен жұмыс істеуге бағдарланған өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітеді», - деді министр.