Шенеунік пен кәсіпкер бірлесіп ауылға бөлінген 1,3 млрд теңгені жымқырған

430
Ақмола облысы Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысы мен «РемСтройСервис ПВ» және «MS-Energy» ЖШС басшылары бірігіп бюджеттің қаржысын қалтаға басқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, айыпталушылар Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырған.

Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді.

Қылмыстық істің барлық қатысушыларына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды, – делінген ведомство хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.