Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

455
Қазгидрометтің хабарлауынша, температураның төмендеуі күтілуде. Синоптиктер кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалатынын мәлімдеді.
"Жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын байқалатын циклонның артынан суық Солтүстік-Батыс антициклон жылжи бастайды. Онымен жауын шашынның қысқа мерзімге тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізінің аудандарынан циклонның шығуы әсер етеді, ол жауын-шашын әкеледі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, қар түседі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады", - дейді синоптиктер.