Қазақстандықтар заңдарға қатысты өз ұсыныстарын Egov порталы арқылы енгізе алады

1 081
Қазақстан азаматтары Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсынысын енгізе алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Енді құжаттарды порталда көрсеткенде нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде іске асты. Осылайша, қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсынысын енгізе алады, - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, бұған дейін «Ашық НҚА» порталында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған.

Алайда бұл мәселе халықпен жеткіліксіз деңгейде талқыланғандығы туралы сын айтылды. Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізілді, - деді ресми өкіл.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.