ХҚКО-дағы төбеге ілінген ноутбук жұртты күлкіге қарқ қылды

1 169
Оралдағы арнайы ХҚКО-лардың бірінде түсірілген сурет жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Сурет Instagram әлеуметтік желісінде  жарияланған. Онда электрон кезекті көрсететін ноутбук түсірілген. Бұл ретте гаджет төбеде ілулі тұрған теледидардың артқы жағына бекітілген.

Жазба сипаттамасында "өнертабыс" авторының тапқырлығы талқыланып жатыр.

"Why ноут?", "99-деңгейдегі айтишниктер", "АйТишниктер керемет! Мәселені тез және арзан шешіпті. Жақсы шағын компьютер, қанша тұрады? 400 мың?" "Істен шыққан ноутбук пайдасын тигізді", "Заманауи мәселелер заманауи шешімдерді талап етеді - деп қолданушылар күлкілі пікірлер қалдырған.

Жағдайға байланысты Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі былай дейді;

Мемлекеттік корпорацияның БҚО бойынша филиалы электрон кезек таблосы (теледидар экраны) ноутбук арқылы жұмыс істейтінін хабарлайды. Бүкіл процесс (кезекке тұру тәртібі, клиентті шақыру, хабарлау және т.б.) ноутбук арқылы басқарылады. Бұл ноутбук HDMI кабелі арқылы негізгі таблоға қосылған, ол арқылы электрон кезек тәртібі хабарланады, - деп жауап берді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі мекемеде төбенің биіктігі 8 метр болатынын, бұл күту залының ортасына орнатылған таблоға кабель жүргізуді қиындататынын айтады. Жүйенің біркелкі жұмысын қамтамасыз ету үшін ноутбукты таблоның артқы жағына орнату туралы шешім қабылданған.