Қызылорда облысында жаппай төбелес орын алды

674

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жастар арасында жаппай төбелес орын алып, полиция бөліміне 8 адам жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Оқиға 26 наурызда сағат 2.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті Пірімов көшесінің бойында болды. Полиция бөліміне ер азаматтардың айқай-шу шығарып, бұзақылық жатқандығы туралы хабарлама түскен.


«Төбелеске қатысты деген 8 адам полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша қалған азаматтарды анықтау бағытында тиісті шаралар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағым түскен жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.


Ведомство мәліметінше,бұл бойынша тергеу әрекеті жүргізілуде. Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.