Үкіметтің сайлаудан кейінгі алғашқы шешімі

204

Елімізде жанар-жағармай бағасы қымбаттамақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қазақстанда 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 бензинінің бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін шамамен 11%-ға көтеріледі. Ал дизель отынының бағасы 20 пайызға - 295 теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі міндеті атқарушы Болат Ақшолақов айтты.


Үкімет бензин тапшылығына тап болмас үшін осындай шараларды қолға алып отыр, - деп түсіндірді ол.


Бұл жолы бағаның көтерілуіне не себеп болды? Егер бұрын мұнай өндіруші Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы ескі мұнай өңдеу зауыттары мен олардың қуаттылығының төмендігімен байланысты деп айтылса, қазір барлық зауыттарды жаңғырту аяқталған соң, үкіметтің пікірінше, қымбатшылыққа «сұр экспорт» себеп болып отыр.


Ақшолақовтың айтуынша, елімізде ішкі нарыққа қажетті жанармай – жылына 17 миллион тоннаға дейін өндіріледі. Бірақ елімізде бағаның төмен болуына байланысты жанар-жағармай көрші елдерге көлеңкелі экспорт түрінде кетіп жатыр.


Біз де қол қусырып отырмай, барлық шараларды қолдандық. Темір жол және автомобиль көлігімен жанар-жағармай материалдарын экспорттауға тыйым салынды, ресурс иелерін жанар-жағармай материалдарын тікелей жанар-жағармай құю станцияларына сатуға міндеттейтін нормалар қабылданды, мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізудегі делдалдар жойылды. Сараланған баға механизмі енгізілді. Шетелдіктер үшін 450 теңге/литрлік лимит белгіленді, – деді Ақшолақов.


Алайда осының бәрі бағаны ұстап тұруға жеткіліксіз шара болып шыққан көрінеді.


Сұр экспорт шектеу шараларын айналып өту мүмкіндігін әрдайым тауып келеді, - деді Ақшолақов.


Ақыры кабмин жанар-жағармайдың басқа елге заңсыз кетуін шектеу басқаша мүмкін емес деп шешкен көрінеді.


Ешбір шектеу шарасы біз қалаған тиімді қорытындыға апармайды, - дейді министр.


Осылайга, қазақстандықтар шенеуніктердің «сұр экспортпен» күресе алмайтын дәрменсіздігі үшін ақшаны көбірек шығаруға мәжбүр болып отыр.


Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі – инфляцияны екі есе азайту. Ал депутаттар сенім артқан премьер-министр қызметіне қайта тағайындалған Әлихан Смайылов мұны орта мерзімде жүзеге асыруға уәде беріп отыр.


Жасыратыны жоқ, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтерілген бойда тауарлар мен қызметтердің барлық дерлік түрінің бағасы шарықтайды. Бірақ энергетика министрі Болат Ақшолақов олай ойламайды. Оның пікірінше, жанар-жағармай құнының жалпы инфляцияға әсері аз.


Жанар-жағармай бағасының қымбаттауы, меніңше, бұл шын мәнінде асыра сілтеу сияқты. 2021 және 2022 жылдардағы статистикаға қарасаңыз, жанармай бағасы өзгерген жоқ, бірақ тауарлар осы уақыт ішінде өз жолымен қымбаттап жатты. Сондықтан бұл айтарлықтай өсім болады деп ойламаймын. Тағы бір мәселе, қымбатшылықты бақылау керек. Сондықтан, әрине, біршама өсім болады. Бірақ оның бәрі жоспарланған инфляция шегінде болады деп ойлаймын. Жалпы инфляцияға жанар-жағармай бағасының үлесі көп болады деп ойламаймын, - деп сендірді Ақшолақов барлығын.


Бұған қоса, Болат Ақшолақов елімізде бензин бағасы ең арзан екенін айта келе елде АИ-92 бензині 11 пайызға қымбаттайтынын мәлім етті.


Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын өзгерту қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек. Оны мойындау керек.

Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет. Оның ішінде АИ-92 мен АИ-92 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 200 теңгеге қылу. Өсімі 11 пайыз.

Дизель отынының бағасын литріне 295 теңгеге, өсім 20 пайыз. Қазір өңірге байланысты баға 230-260 теңгеге дейін болып тұр.

Осы бұйрықтың жобасын бүгін жариялаймыз, – деді ол.


Ал, еліміздің бірнеше өңірде сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған.


Енгізілгелі отырған өзгеріске сай, енді мына облыстарда сұйытылған мұнай газының құны өседі:

  • Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
  • Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;
  • Абай облысы- 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.


Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюы, сұйытылған мұнай газын (СМГ) бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаны көтеру қажеттігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтінішін ескере отырып, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ның бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды, - деп түсіндірме берілген агенттік бұйрығына.


Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.