Нұрлыбек Нәлібаев облыс тұрғындарымен жеке кездесу ұйымдастырды

163

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 15 азаматтың толғандырған мәселелері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігінің көтерген мәселесі – тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және отбасы мүшелерінің ем-домына қаржылай көмек көрсету.


Облыс әкімі азаматтардың алға тартқан мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.


Мәселен, осы жолы бір топ қала тұрғыны Қызылордада инклюзивті театр ашу жобасына қолдау сұрады. Аймақ басшысы бұл жобаны қолдап, облыстық мәдениет және спорт басқармасына тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.


Мұнан бөлек, қабылдауда ДЦП диагнозы қойылған баласын Талсуаттағы оңалту орталығына ем алу үшін орналастыруды сұраған ананың, тұрақты жұмыспен қамтуды сұраған 40 жастағы қала тұрғынының мәселелері шешімін тапты.


Осы уақытқа дейін облыс әкімі 30 жеке қабылдау өткізіп, 600-ден астам тұрғынның өзекті мәселесіне ден қойды.


Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.