"Ішкі істер қызметкерлері шаш ал десе, бас алады" - депутат

228

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан еліміздегі құқық қорғау органдары көп жағдайда қызметін асыра пайдаланатынын атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



“Қоғам белсенділеріне, журналистерге қатысты түрлі әрекеттер жасалуда. Бір ғана мысал айтайын, өткен аптада белгілі журналист, марафоншы Еренғайып Қуантайұлы деген азамат Алматыдан Астанаға ұшып келіп,  Қарағандыға жол жүргелі жатқан жерінен құқық қорғаушылар ұстап алып кеткен. Төрт жарым сағат бойы ұстаған. Жауап алған, саусақ іздерін де алыпты. Ол саясатқа қатысы жоқ азамат. Бұл - жекелеген бір ғана мысал. Әртүрлі мысалдар бар. Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан үлкен реформалары бар. Осының барлығын жуып-шайып, түрлі қоғамдық пікірлер тудырып, кейде Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің "шаш ал десе, бас алып" кететін артық қадам жасайтын жағдайлар бар”, - деді депутат Жанарбек Әшімжан.


Депутаттың бұл шағымына тіл қатқан Ішкі істер министрі кез келген азамат заң бұзса жауап беру керектігін ескертті.


“Әрине әрбір фактіні жеке қарау керек. Бір-бірімізге бәле жаппайық, заң жүзінде жұмыс істейік”, - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.