2 жасар бала дәретханаға құлап көз жұмды

137

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 2 жастағы нәресте даладағы дәретхананың шұңқырына құлап мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Аймақтық полиция анықтағандай, баланы туысы шығарып алған. Дәрігерлердің айтуынша, балада пневмония өршіп, ми ісінген. Бүлдіршін санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, бірақ бірнеше күннен кейін мерт болды.


Оны дәретханаға балалардың үлкені алып келген. Қатты жел соғып, дәретхананың есігі жабылғанда, бала тесікке құлаған.


Үш жасар ұлдың анасы сол уақытта ауруханада емделіп жатты, ал әкесі жұмыста болған. Бала  туыстарының үйінде қалды.


"Ата-анаға қатысты 141-бабы “Баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша қылмыстық іс басталды", – деп түсіндірді полиция.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.