Қызылордадағы сауда орталығының алдында ер адамды пышақтап кетті

508

Қызылорда қаласындағы сауда орталығының алдында белгісіз біреулер ер адамды пышақтап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда қаласының полицейлеріне белгісіз адамның сауда орталығының маңында бір ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.


"Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Айта кетерлігі, күдікке ілінген азамат көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған", - делінген мәліметте.


Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.