Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам ажал құшты

229

Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 25 мамырда сағат 2:10 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының 1463-шақырымында болды. Бұл Қазалы ауданының аралығын қамтиды.


«Оқиға барысында DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.