32 млн теңгені жымқырған аурухана есепшісі 7 жылға сотталды

1 292

Астанада көпсалалы аурухананың есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Сотта анықталғандай, ол 2021 жылдың 1 қаңтары-2022 жылдың 29 қарашасы аралығында заңсыз иемдену және жымқыру жолымен компанияның 32 миллион теңгеден аса ақшасын қолды еткен.


Әйел өз кінәсін мойындады. Сол оны 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда емхананың бұрынғы бас дәрігері де 79 миллион теңгеден аса қаржыны жымқырды деген айыппен сотталған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.