Жағдайы төмен отбасылардың балаларына сауна ішіндегі «лагерьге» тегін жолдама берілген

693

Тынығу лагеріне келген оқушылар саунадағы жалаңаш ер адамдарды көруге мәжбүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Оқиға Алматы облысының Ұзынағаш ауылында болған. Мұнда жазғы демалысты демалыс орнында өткізу үшін Алматыдан ондаған бала әкелінген. Алайда мектеп оқушылары жайлы жағдайдың орнына тар, желдетілмейтін бөлмелерге орналасқан. Сонымен қатар, лагерь сауна ішінде тұр, сыртында өзге ер адамдар жүрген.


Арман дала» лагерінде жағдай осындай. Мұны қалай түсінуге болады? Балаларды лагерге жіберсе, кафе мен саунаға орналастырған. 100 адам желдетілмейтін бөлмеде жатады. Балалар еденде ұйықтайды, ұлдар да, қыздар да бір бөлмеде топтасып жатады. Бұл қашаннан бері қалыпты жағдайға айналды? Мен қазір, шынымды айтсам, шошып кеттім, олардың қайда, не жейтінін әлі білмейміз.


Жағдай түрмедегіден де нашар. Бұл – өте қорқынышты. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларымызды жолдама арқылы демалысқа жіберді. Негізі олар «Алтын дала» лагерінде болуы керек еді. Барлық ұялы телефонды алып алған, ата-аналар балалармен байланыса алмады. Ішіне кіріп алған ата-анаға алғыс айтамын», - деп жазды мектеп оқушыларының бірінің туысы Инка Рокеровна Facebook-тегі парақшасына.


Алматы қалалық білім басқармасы қазірдің өзінде қажетті шараларды қолға алып жатқандарын мәлімдеді.


Білім басқармасының қызметкерлері ата-аналардан шағым түскеннен кейін шұғыл түрде «Арман» лагеріне тексеріспен барды. Білім басқармасы осы ұйыммен шартты бұзу мәселесін қарайтын болады.


Қазір балалар өз үйлеріне жеткізілді. Жақын арада балалар мектеп бекіткен ережелерді қатаң сақтай отырып, лагерьлерге қайта жіберілетін болады», - деді ведомсто өкілдері.