Түркістанда 68 балаға заңсыз діни дәріс өткізген тұрғын ұсталды

366

Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 пен 17 жас аралығындағы 68 балаға заңсыз дәріс беріп, діни уағыз айтып, 100 мың теңгедей ақы жинаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Түркістан қалалық филиалының экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері облыс бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақтар берген азаматты анықтады.


Көрсетілген мекенжай бойынша тексеру барысында 68 баланың діни дәріс алғаны анықталды. Бұл ретте оқушылар арасында тек Түркістаннан ғана емес, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, Абай ауданы және Өзбекстан Республикасынан келген балалар болған.


Бұл ретте полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға жіберілген діни сипаттағы 100-ден астам кітапты тәркіледі.


Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің "ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Түркістан облысының полицейлері азаматтардың заңсыз діни қызметпен айналысу және діни әдебиеттерді тарату үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.