17 жасқа толған азаматтардың құжаттары автоматты түрде қарулы күштердің электронды базасына енгізілмек

488

Жаңа жылдын бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы "Электрондық үкімет" порталы және "еGov" мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады. Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. 


Енді жастар әскери коммисариаттарға тіркелу үшін сағаттап кезекте тұрмайды. Сондай-ақ, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады. Қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азаяды. 


Енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болмақ. 


“Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын үнемдеп отырмыз”, – дейді  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.