"Әріптестерім үшін кешірім сұраймын": Әкім қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін қызметінен кетті
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов жұмыстан кетуіне байланысты пікір қалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Иманзаипов облысы басшылығының шешімімен жұмыстан шығарылды.
"Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын", - деп жазды экс-әкім.
Оның айтуынша, қысқа мерзімде барлық жобаны іске асыра алмады. Дегенмен өзіне қолдау білдірген әріптестеріне алғыс айтты.
"Менің өмірлік ұстанымдарымның бірі – жұмыста әділ және еңбекқор болу. Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым. Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!", - деді Иманзаипов.
Айта кетері, биыл маусым айында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталған болатын. Ол кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр. Одан кейін қала басшысының көмекшісі де тергеуге алынды.
Облыс басшылығы Иманзаиповты қызметінен босатуға шешім қабылдады. Негізгі себептер - қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауы, облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауы және қала әкімдігінің Павлодар тұрғындарымен коммуникациясының нашар болуы.