"Интим деген жеке мәселе": Нұрлан имам хиджабтағы сексологтарға ескерту жасады

181

Нұрлан имам хиджабтағы сексологтарға кеңес берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.


Соңғы кездері хиджап киген сексолог-психологтар көбейген. Осыған қатысты Алматыда өтіп жатқан New Media форумда Нұрлан имам Байжігітұлы өз пікірін білдірді.


«Мұндай жекелей айтса, қажет шығар. Бірақ елге шығып, «былай істеу керек» деп ақыл үйреткендері жақсы нәрсе емес. Интим деген жеке мәселе ғой. Пайғамбарымыз әйелге келген кезде жеке өзіңе айтқан.  Сондаймен айналысып жүрген адамдарға айтарым – бұл үлкен қателік.  Біздің отбасындағы қазақи құндылығымыз – бір нәрсені татып, бір нәрсені құсумен өлшенбейді ғой. Аналарымыздың соның бірін көрмей, өмірге сәби әкелді.  Сондықтан бұл арсыздық нәрсе. Жеке төрт қағида бар. Біреуі ағайынның ортасы, екіншісі ер мен әйелдің ортасы, ұстаз бен шәкірттің ортасы, алла мен пайғамбардың ортасы. Мұндай нәрсе көпшілік ортада айтылмауы керек», - деді Нұрлан имам.


Айта кетейік, соңғы кездері елімізде хиджаб киген сексолог-психологтар көптеп шығуда. Мысалы, солардың бірі Алина Шадинова өміріндегі жағдайлар осы салаға келуіне әсер еткенін айтады.