Діни тұрақтылық – ел дамуының негізі

2 629

Соңғы уақытта әлеуметтік желілелерде жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бір бөлігі дінге қатысты болып тұр. Әрине, бұл діннің қаншалықты өзекті екенін көрсетеді. Әр оқу жылының басында көтерілетін «орамал мәселесі» қайтадан күн тәртібіне еніп, шешімін таппай жатқан секілді. Бір жағынан зайырлылылқ құндылықтарын қорғаушы білім беру жүйесі тұрса, екінші жағанынан діни наным-сенімдеріне құрметпен қарауды талап етуші діндарлар мен діншілдер өз ұстанымдарын тықпалайды. Әр екі тараптың өз уәждері бар. Қалай болғанымен, мәселе өзіне тиісті көлемінен әлде қайда көп орын алуда. Сол секілді, соңғы кезде «тәңіршілер» мен атеистердің арта түскен белсенділігі де қоғамның келешегіне алаңдаушылықпен қарауға негіз бола алады. 


Қазақ халқы ықылым ғасырлардан бері мұсылман ұлты саналады. Ислам діні қазақ даласына һижраның бірінші ғасырында кіре бастаған. Шынғысханның немересі Берке хан тұсында Ислам Алтын орданың ресми діні болып бекітілді. Сол кезден бері бабаларымыз бұрынғы нанымдары—тәңіршілдіктен бас тартып, Алладан жеткен Ислам дінін ұстануда. Ежелгі қытай философиясының «тәңіршілік» ұстанымы . Бұл наным негіздерінде: мәңгі аспан, өлі аруақтардың күльты, ақыреттегі қайта тірілудің жоқтығы сияқты сенімдер жатқан. Алайда Орта Азияны мекендеген түркі тайпалары Ислам дінін қабылдап, салауатты өмір салтын қалыптастыра білген. Қазақ даласынан аты әлемге белгілі жүздеген ұлы тұлғалар шыққан. Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі, пайғамбардың сөздері мен хадистерден бастау алған. Тарихымыздағы көрнекті тұлғалардың ешқайсысы «қазаққа арабтың діні керек емес» деп айтпаған. «Біріншіден тілеңіз Бір Аллаға жазбасқа» деген Бұқар жыраудан бастап, кешегі «Дін ғылымның атасы» деген Мұқағалилерге дейін имандылықты насихаттаумен өткен. Ислам діні—әлемдік дін. Оны ұстанушы мұсылман ұлттар жер шарының Индонезия аралдарынан бастап, Шығыс Европаға дейінгі бөлігін мекендеп, әлем тұрғындарының төрттен бір бөлігін құрайды. Өкінішке орай жекелеген мүдделі топтар қазақты дәстүрлі діні Исламнан ажыратып, ежелгі наным-сенімдердің бірі тәңіршілдікке қайтарғысы келеді. Демек, ХХ-ғасырда қазақ еліне жүргізілген «дінсіздіндру саясаты» өз жемістерін беруде. Қазіргі буынның ата-бабасы дінінен үркіп, оны жатырқауы сол саясаттың кері салдары болса керек. Солардың кейбіреулерінің «өлгенде жаназасын шығармау» жөнінде айтқан «өсиеттері» Исламнан безгендігінің айқын көрінісі емес пе? 


Діни ахуалды ушықтырып отырған «тәңіршілер» секілді дінсіздер болса, екіншіден ұлттық құндылықтарға шабуыл жасап жүрген әсіредіншілдер. Біреуі орамалмен мектепке кіруді талап етсе, екіншісі домбыраны харам деп бөсіп отыр. Соны айтып отырғандар дінтанушы немесе білім иелері емес, осы сөздерімен дінге қандай зиян келтіріп жатқанын өздері де білмейтін қатардағы мұсылмандар. Осындай «жеке көзқарастардың» еркін айтылуы нәтижесінде қалың көпшіліктің беті діннен қайтып, дінге және діндарларға деген қорқыныш пен жеккөрініш пайда болады. «Надандар үндемегенде келіспеушілік азаяр еді» деген ғұламалардың сөзі бар. Керісінше, кім көрінген ойына келгенін айта берсе, соңы ұрыс-керіске, қақтығысқа айналып кетпеуіне кім кепіл? 


Тыныштық, тұрақтылық, төзімділік, татулық біздің қоғамның негізгі ұүндылықтары боп табылады. Егер осы құндылықтарға сызат түсіріп алсақ  онда діни және ұлтаралық араздық әрекеттері мен қылмыстар орын алуы ықтимал. Жоғарыда айтылған төрт құндылықты билік, қоғам болып қолға алмаса баянды болашақ туралы әңгіме айтудың өзі әбестік болар еді. 


Сержан Андарбаев 

 ҚДБ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы