Зейнетақы жинақтарын ипотека пайызын төлеуге қолдануға болмайды

1 517

Фото: Shutterstock.com31- ші қаңтардан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын ипотека бойынша пайыз төлеуге пайдалана алмайды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Енді біржолғы зейнетақы төлемдері тек негізгі қарызды өтеуге бағытталады. Тиісті өзгерістер 2026 жылғы 13- ші қаңтардағы министрлік бұйрығымен енгізілген. 

Мәліметтерге сенсек, өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 13- ші  қаңтардағы бұйрығымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 

Енді зейнетақы жинақтарын тек негізгі қарызды өтеуге ғана қолдануға болады, ал ипотека бойынша пайыздарды төлеуге пайдалануға рұқсат етілмейді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.