Мектепке мұғалім болып жұмысқа тұру үшін 1 миллион теңге берген

1 845

Тексеру барысында күдікті әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


27 жастағы Шымкент тұрғыны полицейлерге қаладағы мектептердің біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, алайда бұл үшін 1 млн теңге сұраған алаяққа қатысты шағымданған. 


«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды» делінген полиция мәліметінде.


Тексеру барысында күдікті әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Ол тағы бір азаматшаны мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін деп 1,5  миллион теңгеге сан соқтырған.


Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.