Министр жасөспірімді зорлады деген күдікпен полицейлер ұсталғанын растады

1 525

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полицейлерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден Алматыда екі полицейдің 14 жастағы жасөспірімді зорлау дерегі туралы сұрады. 

«Күдіктілер ұсталды ма?», - деп сұрады журналистер.

Өз кезегінде Е. Саденов мұндай факті шынымен де болғанын растады. Бұл оқиғаға қатысты шұғыл түрде қызметтік тексеріс жасалып, тәртіптік комиссияның отырысы өткен. Oсы ретте министр аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан шығарылғанын нақтылады.

«Қылмыстық іс бойынша олар қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.