Әкімдік коммерциялық жер телімдерін жалға беру кезінде заңбұзушылық жасаған

1 513

Қарағанды қаласының әкімдігі коммерциялық жер телімдерін бағалау рәсімінсіз беріп келген, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қарағанды облысы прокуратурасының таратқан мәліметінше, Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы коммерциялық мақсатта жер беру кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұзушылықтар орын алғанын анықтаған.

“Қарағанды қаласының әкімдігі "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 62-1-бабын бұза отырып, бағалау рәсімін жүргізусіз бұрын алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу және оны одан әрі пайдалануға беру үшін коммерциялық мақсатқа 14 жер учаскесін берген”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.

Прокуратураның наразылығы бойынша қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды, құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.