Заңсыз қызмет көрсеткен 270 кабинет қызметін тоқтатты
Заңсыз медициналық қызмет көрсетуді анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
408 жеке емшара кабинетінің тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталған.
"Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Бірқатар субъекті қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті. 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды", - дейді министрлікте.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:
- медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
- дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
- білікті медициналық персоналдың болмауы;
- шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.
Жалпы 147 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынған.







