"Бюджеттен қаржы бөлінбеген": ауыл тұрғындары жаңа жылдық шыршаны өздері сатып алмақ

1 514

Фото: vbuhtarme Instagram парақшасынанШығыс Қазақстан облысы Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары қаражат жинап, жаңа жылдық шыршаны өздері сатып алуға бел буды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Желіде Жаңа Бұқтырма ауылында қойылған мерекелік шыршаның суреті тарады. Оның жан жағы гирляндалармен безендірілген. Көзге оғаш көрінген шыршаны ауыл тұрғындары сынға алды.  


"Қаңғыбас мысықтар жете алмасын деген шығар", “Жаңа жылдық шырша адамдарға көңіл күй сыйлауы керек. Дұрысы мына шыршаны қоймауы керек еді”, “Қызық, бұл шыршаны орнатуға қанша ақша кетті екен”, “Бұл шырша ауылда бірінші рет орнатылып жатқан жоқ”, - деді олар. 


Ал Жаңа Бұқтырма ауылы әкімдігінің өкілдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмыстары аяқталғанша күтуді сұрап, мерекелік безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбегенін жеткізді. 

"Безендіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Безендіруге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Көмек көрсетіп жатқан демеушілерге рақмет! Шыршаны безендіру, гирляндалар қою жоспарлануда", - деп хабарлады әкімдік.

Ал ауыл тұрғындары өздеріне нағыз жаңа жылдық көңіл күй сыйлау үшін "Жаңа Бұқтырма" чатында шыршаны безендіруге ақша жинайтынын.