Емшіге барған екі зейнеткер ауруын асқындырып алған
Алматыда нейрохирург дәрігерлер екі қарт әжейді сал болып қалудан құтқарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, екі зейнеткер Орталық қалалық клиникалық ауруханасына бірдей диагнозбен жүгінген. Яғни, жұлын каналындағы жүйке тінінің ісігі.
Науқастардың айтуынша, олар жасына және басқа да ілеспе ауруларына байланысты ота жасатуға қорқып, емшілерден ем іздеген.
Бірақ жағдайы нашарлап, дәрігерге жүгінген.
Отадан кейінгі кезеңде науқастар стационарда оңалтудан өтті, нәтижесінде 12 күн ішінде аяқтың неврологиялық бұзылысының регрессиясы 80%-ға дейін жетті.