Питбул иттер өліп қалған үй иелерінің етін жеген

1 253

Фото: pixabay.comҚарағанды облысы Теміртау қаласында адам шошырлық факт анықталды: қашан көз жұмғаны белгісіз үш адамның мәйітін үйдегі иеттер талап жеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, үш адамның өлімінен зорлық-зомбылықтың белгісі табылмаған.


Теміртау қаласы Уәлиханов көшесінің бойындағы үйде орналасқан пәтерден қаңсылаған иттердің дауысы шыққан. Оның үстіне, уақыт өте келе пәтерден сасық иіс тараған. Көршілердің шақыртуы бойынша оқиға орнына жеткен құтқарушылар сұмдық көрініске тап болған.


«Құтқарушылар есікті бұзып кіргенде алдарынан питбул иттер үріп шыққан. Кинологтар иттерді ұстап алған соң, полиция ішке кіріп, үш адамның мәйітін тапқан», - деп жазды дереккөзде.

Қарағанды облысының полиция департаменті үш адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Мәйіттерден зорлық-зомбылықтың белгілері табылған жоқ. Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.