Енді насыбай атқандар мен сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

1 616

Фото: svetlcge.byПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев насыбай атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Қазір – 21 ғасыр, жоғары технология мен жасанды интеллект қарқынды дамыған заман. Ал біздің азаматтарымыз аузына насыбай салып, қақырып-түкіріп жүреді. Бұл не деген масқара?! Осы жағымсыз қылықты ата дәстүрі санайды. Шын мәнінде бұл – барып тұрған мәдениетсіздік. Оны тоқтату керек, - деді мемлекет басшысы Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.


Президент енді насыбайды өндіріп, сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.


Жалпы насыбай өндіріп, таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен. Қазір осыған қатысты заңдарға түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Онда вейп қана емес, насыбай таратқаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Бұл қадам насыбайға толық тыйым салуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ақпарат құралдары арқылы жан-жақты түсіндіру жұмысы жүргізілуге тиіс. Бұл ұлт саулығына да, еліміздің абырой беделіне де кері әсерін тигізетін әдет. Өркениетті ел боламыз десек, одан толық арылуымыз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.