9 сынып оқушысын көшеде соққыға жыққан бір топ қыздар ұсталды

1 529

Сурет: ©СanvaТаразда тоғызыншы сынып оқушысын қатарлас қыздар соққыға жыққан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.


Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Төбелеске қатысқан барлық жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілген.

«Біз жақында №51 мектепке көшіп келгенбіз. №25 мектептің қыздары жабылып ұрып кетті. Суық қару кастетпен ұрып, реанимациядан бірақ шықты. Заң не қарап отырғанын білмеймін. Ата-аналары келіп, маған неше түрлі сөздермен қоқан-лоққы жасап жатыр. Өлтіріп кетемін деп жатыр. Балаларым мектепте қалай жүреді? Өзімді, қызымды қорғауын талап етемін», — деді қыздың анасы.

«Оқушы қыздардың ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды», — деп мәлімдеді ведомство.

Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.