Жаңақорғандық кәсіпкер полистиролбетон шығаруда
Жаңақорғанда баламасы жоқ өндіріс ошағы ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңа жоба аудан экономикасын әртараптандыру бағытын іске асырмақ. Бұған дейін көршілес облыстар мен шетелдерден тасымалданған құрылыс материалдары енді өзімізде шығатын болды. Иә, жеке кәсіпкер Мұхтар Тойымбетов басқаратын «Ернар» жеке кәсіпкерлік субьектісі шағын цехты іске қосты. Күніне 3 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын цех «Құрылыс сапа» деп аталатын брендпен танылуда. Сапасы стандарттарға сай. Ең бастысы, бағасы қол жетімді. Алыстан арбаламай, жақыннан жеткізесің. Бізге өндіріс ошағының иесі Мұхтар Тойымбетовпен сөйлесудің сәті түсті.
2002 жылдан бері өндіріс саласында қызмет атқарып келе жатқан Мұхтар жаңа кәсіп ашуды көздейді. Көптеген жобаларды сүзгіден өткізіп, қазіргі заманға ең қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бұл ойын іске асыруда еңбектенеді. 2014 жылдан бері бизнестің қыр-сырымен таныса жүріп тәжірибе жинақтайды. Бүгінде цехқа қажетті гипсті Самархандтан, химия қоспаларын Қытайдан, мрамор ұнтағын Алматыдан, қағаз қабын Шымкенттен арнайы тапсырыспен алдыруда. Ал өңдеуші арнайы құрылғыны шетелдік технологияға қарап жергілікті мамандарға тапсырыс беріп, арнайы жасатады.
Бұрын аудан тұрғындары мұндай материалдарды көршілес қалалардан жеткізіп отырған. Ал өнімнің жергілікті жерден шыққаны жаңақорғандықтар үшін қолайлы бол-мақ. Өйткені базар бағасынан 40 пайызға дейін арзан алуға болады. Мәселен, тас еден желімінің бағасы базарда 1450 теңге болса, мұнда 950 теңге. Бүгінде 4 жұмысшы тұрақты нәпақасын осы жерден тауып отыр. Алда инновациялық жоба ретінде қаржылай қолдауға ие болып жатса, кәсіпорынды кеңейтіп, жұмысшылар санын арттыруды көздейді.
Жаңақорған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев:
Кез-келген істі бастау әрине қиындық тудырады. Оның үстіне, бұл кәсіп аудан өндірісінде тәжірибеде болмаған. Отандық өндірісті дамытып, ел игілігіне қызмет етуді көздейтін кәсіпкер болашақта цехына жер берілсе, ісін кеңейтіп, өнімділікті арттыруға ниетті.
Нарықтағы бәсекелестікке төтеп беріп, брендтік өнім қалыптастыруда жаңа мүмкiндiктердi iздеу, заманауи технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеуді мұрат еткен Мұхтар Тойымбетовтың осы бағыттағы ізденісі қуантты.
Сонымен қатар, қазір құрылыс саласының материалдары нарықта үлкен сұранысқа ие. Өзге өңірді айтпағанда, біздің ауданның өзінде тапсырыс тым көп. Әсіресе, маусымдық кезеңде көлемі артып, тауар айналымы тұтынушылар талғамына сай түрленіп тұрады. Бірақ, соған сай баға да өсіп барады. Бағаны нарық реттейді, бәсекелестік күшейген ортада құрлылыс материалдарының жаңаруын жыл сайын көріп келеміз. Мәселен, үй қабырғасын тұрғызу үшін бүгінге дейін қызыл кірпіш, шлакоблок, пеноблок бренд болса, енді полистеролбетонды тұтыну трендке айналуы мүмкін. Мұндай өнім шығаруды Жаңақорғанда бірінші болып Сәкен Сыздықов ағамыз қолға алды. Жақсыны көрмекке Жаңаауылға жол тарттық.
Дара кәсіпкер «Өркен» деп аталатын кәсіп иесі былтыр шағын цехын іске қосып, өнім шығарды. Тек қаржы тапшылығынан, оның үстінен тапсырыстың аздығынан кешегі күнге дейін нарықтың үлкен айналымына толық ене алмаған. Енді тұтынушылардың талғамына, ұсынысына сай өнімнің өрісін кеңейтуде.
Тиісті сынақ-тест барысын ағамыз бағамдап көрген. Жылу сақтағыштығы, ауыр заттармен ұрып-соғу, 5 метр биіктіктен бетон бетіне тастау, суға батырып қою, от пен күйдіру, шеге қағу, қол арамен қырқу, қамаз автокөлігімен басу сынды сынақтан өткеннен кейін полистеролбетон блоктары басқа материалдарға қарағанда оқ бойы озып шыққан екен. Біздің білетініміз бұл құрылыс материалы көбіне ірі құрылыстарға, яғни, екі-үш қабатты нысандар салуға қолданады. Енді үйдің құрылысын салуға да жұмсала бастады. Сәкен ағамыздың бастамасын ұлы Өркен қоштап, қазір күніне екі мезгіл, тапсырыс аз кезінде бір уақыт шикізаттан өнім шығарып отырады.
Иә, Сәкен ағамыз келешекте бұл кәсіптің көкжиегін кеңейтіп, қосымша жұмыс күшін көбейтуді ойлап отыр. Әзірге сәл қаржы мен тапсырыс көбірек келсе болғаны, жастарды жұмыс жұмылдыруға дайын. Қазір 4 қызметкер бар, еңбекақысы күнделікті. Жазда цех іші салқын, қыста жылы болады. Ішінде, жуынатын бөлме, аяқ су мен ауыз, газ кіргізілген.
Бұл жобаға аз қаражат кеткен жоқ. Бұйырса «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы 6 проценттік несие арқылы 5 млн қаржы алып, ісімді кеңейткім келеді. Құжаттарды өткізіп қойдық, бұйырса жақын арада қаржы аламыз деген ниеттеміз. Шыны керек, бұл жай ғана құрылыс заты емес. Бұның тиімді тұсы өте көп, үй жағдайында жаздай ыстықты өткізбесе, қыста жылы температура ұстайды. Мәселен, полистеролбетонды жалпағынан қалайтын болсаңыз, қақаған аязда 1 күн от жақпасаңызда үйдің температурасы сақталады. Тек 1 градус төмен түсуі мүмкін. Әрі, 2 метр кірпіштің жылылғымен бірдей, яғни кірпіштің қалыңдығымен есептегенде, екі метр кірпішті қатар өргенмен тең. Ал, тік өрсеңіз, онда 1,5 метр кірпіштің қалыңдығымен пара-пар. Оған көзім анық жеткен соң, тәуекелге барып, кәсіпті бастап кеттім.
Бағасы қолжетімді ме?
Әр данасы 1200 теңгеден. Көбісі қымбатсынатын, алайда биылдан бас¬тап сатып алушылар қатары көбейіп келеді. Айына 3000 дана шығарудамыз, жалпы көлемі 600×300×200 болады. Ал, құрамына келетін болсаңыз, қоспасы аз емес. Бірақ, адамзатқа зиянды қоспа құрамда болмайды.
Полистиролбетон – жеңіл және ауыр бетонды араластыру технологиясы арқылы түйіршіктелген кеуек пенопласт пен цементті қолдана отырып дайындалады. Пенопласт өнімге жылу айырғыш қасиеттер берсе, бетондық негіз оның беріктігін сақтайды. Мұндай құрылыс блоктары суыққа төзімді, дыбыс айырғыш және оттан сақтайтын қасиеттерге ие. Олар кәдуілгі кірпіштерден біршама жеңіл болады. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі де ұзақ. Полистиролбетон алғаш рет Германияда пайда болған, кейінірек Ресей мен Кореяда дамып, бүгінде Алматы, Қарағанды қалаларында қолға алына бастады.
Полистиролбетон экологиялық жа¬ғынан қауіпсіз, биологиялық әсерге ұшырамайды, керемет кесіледі, оған шегелер мен өзге де бекіту құралдары жақсы кіреді. Полистиролбетон өзінің сапалық және бағалық сипаттамалары жағынан кеуек блоктардан және тіпті газобетоннан асып кетеді, ал тым аз жылу өткізгіштігіне орай қазіргі коммуналдық тарифтердің шарықтаған кезінде ерекше көзге түседі.
Кәсіпкердің өнімі Д-500 деп аталады, бұл жеңіл түрі, бірақ сапасы өте жоғары. Ал, құрамын біз толық ашпадық, егер қызығып, толық мәлімет аламын немесе құрылысыма жаратуға ниеттімін десеңіздер мекен-жай Жаңақорған кенті, Жаңаауыл аумағы, М.Түйменұлы көшесінде орналасқан. Біз зерделедік, мүмкіндігінше мағлұмат беруге тырыстық. Қалғаны уақыттың еншісінде…
Заман көшіне сай құрылыс саласы қарқындап, инновациялық жобалар жүзеге асып, соның нәтижесінде сапалы әрі тиімді құрылыс тауарлары кәдеге жаратыла бастады. Соның бірі – полистирол бетон деуге негіз бар. Жап-жас жігіттің аядай ғана ауласынан ашылған жаңа жобанының жұмысын көзбен көру үшін арнайы полистиролбетон блоктарын өндіру цехына ат басын бұрған едік.
Ерекше құрылыс материалын шы¬ғарып жатқан «Өркен» жеке кәсіп¬керлігі полистирол бизнесіне үлкен ізденіспен келді. Құрылыс саласында отыз жылдай қызмет еткен Сәкен Әбсаттарұлы өзінің жаңа үйінің құрылысын бастағанда қабырғасын қандай материалмен өру керектігін заманауи көзқараспен ойластырыпты. Осылайша, жаңа технологияны зерттеп, зерделеп полистирол бетонға деген қызығушылығы ояныпты. Әскердегі ұлы оралғанша Ресейдегі мықты мамандармен байланыс жасап, шағын цехті сатып алуды жөн санайды. Алғашқы бетондарды арнайы инструкциямен қайта-қайта жасап көріп, сыннан өткізеді. Ақырында ең сапалы, әрі жеңіл бетондарды құрылыс жұ¬мысына айналдырады. Мұның қаржылай тиімділігін көрген жерлестер шағын цехтың ашылуына ықпал етеді. Осылайша, анасы Ләззат Сыздықова¬ның атынан 2022 жылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы төмендетілген пайызбен 14 млн теңге несие алады. Бүгінде қуаттылығы айына 35 000 дана полистиролбетон блоктарын өндіріп, жаңа жобаны жүзеге асыруда. «Өркен» жеке кәсіпкерлігі 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Полистирол бетон деген не? Бір сөзбен айтсақ, жеңіл бетонның бір түрі-композициялық материал, оның құрамына портландцемент, кеуекті агрегат – көбік полистирол түйіршіктері, германиялық фибра талшығы, су, сондай-ақ ауа тартатын қоспа кіреді. Полистирол түйіршіктері мен жылу оқшаулағыш материалдың бір өнімде үйлесуі арқылы құрылыс материалы үшін сипаттамалардың оңтайлы үйлесімін алуға болады. Шірірке төзімділік, гидрофобтылық, тасымалдаушы өнімділіктің ең жоғары көрсеткіштері, жылу оқшаулау, өрттен қорғау, дыбысты сіңіру, аязға төзімділік және мұздату кезеңдерінен өтеді .
Полистирол бетон қабырғаларды, едендерді, шатырларды, оқшаулау ретінде қаңқалық ғимараттардың қоршау конструкция¬ларында, тірек қабырға¬лары мен бөлімдерінде қолданылады, құрылыс блоктары мен қасбеттік сәндік оқшаулау панельдерін, монолитті құюға арналған сұйық ерітіндіні өндіру үшін қолданылады. Полистирол бетон жақсы құрылымдық беріктікке ие. Полистирол бетон блоктары бетонның беріктігі және полистирол көбігінің артықшылықтарын біріктіреді. Жылу оқшаулау ретінде кеңінен қолданылады. Полистирол толтырғышы бар бетон блоктары құрылыс сапасымен танымал болды. Бұл олардың тұрғын үй салу кезінде ерекше құнды қасиеттер жиынтығына байланысты. Сондықтан өнімнің белгіленген талаптарға сай келетіндігін анықтау өте маңызды. Бұл мақалада біз полистирол бетонның не екенін саралап, одан ең көп таралған өнімдерді қарастырамыз.
Полистирол бетон-жеңіл бетонның бір түрі. Ол басқалардан құрылымының ерекшелігімен, сапа көрсеткіштерімен және кейбір технологиялық процестермен ерекшеленеді. Болашақ өнімдерге арналған қоспа – бұл бетон мен полистирол чиптерінің үйлесімі. Сондай-ақ, сабынды шайыр және болашақ өнімдердің сипаттамаларының сандық мәндерін арттыруға қабілетті басқа да қоспалар қосылады. Құрамында жеңіл полистиролдың болуы материалдың төмен салмағын және жылу оқшаулаудың жоғары қабілетін қамтамасыз етеді. Бетон, өз кезегінде, материалды тығыз, берік және әртүрлі әсерлерге төзімді етеді.
«Өркен» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Өркен Әбсаттар бұл материалдың Алматы қаласында ғана өндірілетінін сөз етті.
Көз алдымызда бір блокты темір балғамен ұрып, әрі-бері сілкілеп, су бүркіп түрлі сынаққа салды. Нәтижесінде шағын блоктың шлакаблоктардан әлдеқайда сапалы екеніне көз жеткендей болды. Жаңақорғанда осы өніммен 6 үй тұрғызылып үлгерген. Соның бірі Түгіскен ауылының тұрғыны Әбсаттар Жұманов үй құрылысына кеткен қаражатты қарапайым тілде түсіндіріп өтті.
Міне, бір жылға жетпейтін уақытта алыс-жақыннан сұраныс жасап жатқанар аз емес. Десе де, өзіміздің өнімнің беделін көтеріп, көпшілікке сүйіншілеуді жөн санадық.