Сот жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адамды жауапкершіліктен босатқан
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "otyrar.kz" сайтына сілтеме жасап.
Сот отырысы барысында мас күйдегі ер адам әпкесінің пәтеріндегі асүйде отырып, жылап мазасын алған жиенін үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені анықталды.
Ауыр дене жарақаттарының салдарынан бала сол жерде қайтыс болды.
Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті. Нәтижесінде сот Мырзахановты есі дұрыс емес жағдайда қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатты және оған мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.