Мас жүргізуші балалар мінген көлікке соқтығысқан

1 584

Фото: видеодан кадрАқтауда мас жүргізуші балалар мінген көлікке соқтығысқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желіде 18 мамырдан 19 мамырға қараған түні болған апаттың салдары бейнеленген кадрлар пайда болды.


Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі 20-шы шағынауданнан келе жатып, қарсы жолақпен келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Кейін жол апатына себеп болған жүргізуші көлігін жүргізіп кете берген. Кейін ол 12 шағынаудандағы "Жас қанат" спорт кешенінің маңында Kia көлігіне соқтығысқан. Бұл көлікте балалары бар отбасы отырған. Жол талғамайтын көлік иесінің мас болғаны айтылады.


Облыстық полиция департаменті оқиға кезінде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мас болғанын растады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына алынды.


Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерге қоңырау 23:05-те түскенін хабарлады. Бір адам зардап шекті, бірақ ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.