Рөлде отырған 5 жасар бала бір топ адамды қағып кетті

1 637

Фото: видеодан скриншотЖезқазғанда 5 жасар бала өтіп бара жатқан бір топ адамды қағып кеткен. Салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының жанында, ойын-сауық орындарының бірінің алдында болған. Көлік мейрамхананың алдындағы алаңда қойылған. 5 жасар бала көлікті қол тежегішнен алып тастаған. Нәтижесінде көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткен.


Кішкентай баланың көліктен шығып, қашып бара жатқаны камераға түсіп қалған. Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.


"Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.


Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға түскен төрт адамның үшеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ер адамның қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген. Ал зардап шеккен үш әйел амбулаторлық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалары көгерген.

 

: