Жаңақорғанда жолдар жаңаруда

1 505

Фото: Жаңақорған тынысыЖаңақорған елді мекендерге қатынайтын жолдардың мәселесін шешкен бірден-бір аудан. 26 ауылдық округ пен кенттегі облыстық, аудандық маңызы бар автожолдар қайта жаңарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz  сайтына сілтеме жасап.




Жаңақорған ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 451 шақырымды құрайды. Оның 101 шақырымы республикалық, 157,9 шақырымы облыстық және 192,1 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары санатында. Ауданның 526 көшесінің ұзындығы 593,8 шақырым. Аудандық бюджеттен 6 елді мекеннің 7,5 шақырым құрайтын 7 көшесін орташа жөндеуге 189 547,0 мың теңге қаралып, іс жүзеге асқалы отыр. 


Негізінен аудандағы барлық елді мекенге баратын жолдардың барлығы асфальттанған. Тек кейбірі сын көтермей, көлік жүруге көп кедергі келтіруде. Осыны ескерген аудан әкімі бастаған жауапты сала мамандары биыл автомобиль жолдарын ретке келтіруге кірісті. Тау беткейдегі ауылдар арасынан Қыраш, Құттықожа мен Талап елді мекені тұрғындарының басты талап-тілегі болған жол мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тапты.


"Ауылдың негізгі тіршілігі мал шаруашылығы, сонымен қатар шағын кәсіптер бар. Біз көптен күткен жол мәселесі шешімін тауып жатқанына қуаныштымыз. Аудан басшысы, жауапты сала мамандары мен ауыл әкіміне алғысымыз зор. Енді осы жолдың сапалы жөнделуіне бақылау жасауымыз керек. Өйткені мұндай ауқымды жұмыс жыл сайын жасалына бермейді", – дейді Талап ауылының ақсақалы Жалғасбай Нарынбетов.


«Биыл 4 аудандық маңыздағы жол жөнделеді, «Тау самалы» лагеріне кіре берістегі 6 шақырым жол, «Самара-Шымкент-Қыраш» (4 шақырым), «Самара-Шымкент-Талап» (5 шақырым), «Самара-Шымкент-Аққұм» (10,37 шақырым) жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өтпелі кезеңмен республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мердігерлер анықталды. Бүгінгі таңда, Талап бекеті жол құрылысы басталды. Қалған жолдар үстіміздегі жылдың шілде айында аяқталады», – деді бөлім басшысы.


Негізінен аудандағы барлық елді мекенге баратын жолдардың барлығы асфальттанған. Тек кейбірі сын көтермей, көлік жүруге көп кедергі келтіруде. Осыны ескерген аудан әкімі бастаған жауапты сала мамандары биыл автомобиль жолдарын ретке келтіруге кірісті. Тау беткейдегі ауылдар арасынан Қыраш, Құттықожа мен Талап елді мекені тұрғындарының басты талап-тілегі болған жол мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тапты.


Ауылдың негізгі тіршілігі мал шаруашылығы, сонымен қатар шағын кәсіптер бар. Біз көптен күткен жол мәселесі шешімін тауып жатқанына қуаныштымыз. Аудан басшысы, жауапты сала мамандары мен ауыл әкіміне алғысымыз зор. Енді осы жолдың сапалы жөнделуіне бақылау жасауымыз керек. Өйткені мұндай ауқымды жұмыс жыл сайын жасалына бермейді, – дейді Талап ауылының ақсақалы Жалғасбай Нарынбетов. Былтыр «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысына облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп, тегістеу жұмыстары жүргізілсе, жақын арада асфальт төселеді. Тағы бір жаңалық, 2022 жылдан өтпелі кезеңмен іске асырылған аудандық маңызы бар «Самара – Шымкент – Екпінді» автомобиль жолының бойындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.


Ауданның Сыр беткейінде 11 ауылдық округ бар, барлығы кент орталығына Ы.Алтынсарин және З.Мұсаханов көшесі арқылы қатынайды. Жыл соңына дейін Алтынсарин аумағындағы жолдар жаңаратын болады. Ал, Мұсаханов көшесіне орташа жөндеу жұмысы тәмамдалды. Көпшіліктің қуанышына орай жол сапалы, әрі мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл турасында көше тұрғындары мен жауапты сала мамандары, мердігер мекеме не дейді? Ұзындығы 2,4 шақырым болатын аудан орталығындағы негізгі көшелердің бірі Мұсаханов көшесінің жөндеу жұмыстары жайында нақты мәліметті жауапты кент әкімдігінен білдік.


«Орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен – 50 млн 761 мың теңге қаржы бөлініп, «Мемлекеттік сатып алу» Заңының ашық конкурсы өткізілді. Нәтижесінде «Altimus LTD» ЖШС 40 млн 600,0 мың теңгеге жеңімпаз болып танылып, 13 сәуірде №37 келісімшарт жасалды. Асфальт төселіп тұрғындардың пайдаланылуына берілді», – деді кент әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов.


Шыны керек, бұл көшеге төселген асфальттің сапасы аудан орталығындағы басқа көшелерге қарағанда теп-тегіс. Оны күнделікті көріп жүрміз, бұл жұмысты техникалық қадағалаушы «Әсем-құрылыс-Қызылорда» ЖШС, авторлық қадағалаушы «М.Мамуов» ЖК. Елдің де тілеуі сапалы жол ғой, осындай етіп асфальт төселсе ұзаққа жарары анық. Енді жол жиегін тегістеп, ретке келтірсе болғаны.


«Рас, жол сапалы, енді тек қайта қазбаса дейміз. Газ, су кіргізу үшін жыл сайын қазылады. Шүкір, ауыз суымыз келді, газ үйге кіріп тұр. Сондықтан әкімдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға алғыс білдіреміз. Енді кенттегі қалған көшелер осылай уақыт күттірмей жөнделсе», – дейді кент тұрғыны Ақылбек ақсақал.


Айта кететіні, жыл басынан бері осы уақытқа дейін орташа жөндеуден өткен көшелер мен маңызды жолдар жүйеленіп келеді. Жақында ғана аудан басшысы Алтынсарин аумағына қатаң бақылау жасаған еді. Аудан бойынша 57 көше жөнделетінін тағы да параққа түртіп алдық. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының бастамасымен 2023 жылы аудандық маңыздағы және елді мекендегі ауылішілік көшелерді салу, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жұмыстары бойынша 23 елді мекенде бір-бір көшеге орташа жөндеу, яғни асфальттау жұмыстары жүргізіледі. Аудандық маңызы бар «Самара - Шымкент - Жайылма» 3 шақырым, «Самара - Шымкент - Бесарық» 1 шақырым, облыстық маңызы бар «Самара - Шымкент - Түгіскен - Келінтөбе» 6 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Кент бойынша Ж.Тағаев, З.Мұсаханов, Қ.Сағырбаев, Е.Белсенбаев, О.Қашқынов, Ы.Алтынсарин, А.Абуталипов, А.Сүлейменов, Т.Шалапов, А.Еламанов, Ипподром 26/2, Ипподром 24, С.Құрымбеков, Д.Романов, А.Исаев, С.Сапарбаев, Қоңқабаев, Өркендеу, Ы.Скендиров, М.Есболғанов, Жібек жолы көшелері жаңғырады. Бұл мәліметтер аудан әкімдігінің ақрпарат көзінен алынды. Төменарық ауылдық округі бойынша Д.Нұрпейісова, Алтыбаев, Пашаев, Елтай 2, Р.Құдайбергенов, М.Махатаев, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы көшелері жөнделеді. Бесарық ауылдық округінен С.Таңқиев, Б.Шалғынбаева, Ж.Қыдыров, Байкенжеден С.Алдабергенұлы, О.Палуан көшесі, М.Нәлібаевтан А.Иманов көшесі, Сүттіқұдықтан Ш.Торғаев көшесіне асфальт төсеу жұмысы басталады.


Сол секілді, Қожамберді, Манап пен Талап ауылдық округінен екі көшеден, Кейден, Шалқия, Аққорған, Жаңарық, Қаратөбе, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Көктөбе, Қандөз және Қыркеңсе ауылында бір-бір көшеден жөнделеді. Қожакент ауылдық округінен 5 көше, барлығы 57 көшеге асфальт салынады. Ал ауылдық округтің ішінде Қыраш, Қосүйеңкі және Ақүйік ауылдық округтерінде газ жүйесі құрылысының басталуына байланысты ауылішілік жол құрылысы тоқтатылады делінген. Жалпы алғанда, тұрғындардың көптен күткен тілегі орындалуда. Әсіресе, кент ішінде көліктер көбірек жүретін көшелерге асфальт жұмысы жүргізілгеніне қуаныштымыз. Қалғаны уақыт күттірмей жүзеге асатынына сенімдіміз.


Сонымен қатар, биыл кенттегі «Саяжай» аумағына көбірек көңіл бөлінгелі тұр. Көшеден бөлек, бұл аймақта 600 орындық мектеп құрылысы басталады.


Жалпы алғанда «Саяжай» аумағы шағын мөлтек ауданға айналып, инфрақұрылымға басымдық берілуде. Демек алдағы уақытта инвестиция тартылып, шағын кәсіп көздері осы маңнан табылады деген сөз. Ол уақыттың еншісіндегі шаруа. Жаңақорған кентінің «Дәруіш 1», «Дәруіш 3», «Дәруіш 5», «Саяжай» ықшам ауданының көше қиылыстары, Сүттіқұдық ауылдық округінің Аманжолов көшесі, Келінтөбе ауылдық округінің Әль-Фараби көшесі, Қыркеңсе ауылдық округінің Тәшібай, Қапанов көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына конкурс жүргізілуде екен. – Облыстық бюджеттен 2 елді мекеннің 9,5 шақырым құрайтын 6 көшесін орташа жөндеуге 280 948,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде, Жаңақорған кентінің М.Абдуллаев пен Тәуелсіздік көшесінің аралғындағы айналма жол және МАИ бекеті ықшам ауданының көше қиылыстары, Байкенже ауылдық округінің А.Мустиярұлы, А.Дүйсенұлы, А.Еламанов, Байдалиев-Жарылғапов қиылысы да бар. Қазіргі уақытта 5 көшенің мердігері анықталды. Жаңақорған кентінің Маи бекеті ықшам ауданының көше қиылыстарын жөндеу жұмыстары бойынша конкурс жүргізілуде, – деді жауапты сала маманы. 


Аудандық бюджеттен 6 елді мекеннің 7,5 шақырым құрайтын 7 көшесін орташа жөндеуге 189 547,0 мың теңге қаралған. Қандөз ауылына кіре беріс көше, Қожакент ауылының А.Құнанбаев көшесі, Талап бекетінің Ж.Сейдалиев көшесі, Жаңарық ауылының Ә.Тәжібаев, Өзгент ауылының Б.Төлегенов және К.Сейтмуратов, Қыркеңсе ауылының Д.Еркішев көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 5 көшенің мердігері анықталды. Қандөз және Қыркеңсе ауылдық округінің көшелері бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілуде екенін білдік. Жалпы жауапты мекеме 2023 жылдың қорытындысымен елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 49,6 пайыздан 55,9 пайызға жоғарылайтын жеткізді.


Айта кететіні, Сыр өңірі бойынша Жаңақорған ауданының жолдары сапасы жөнінде көш ілгері. Тек Аққұм елді мекеніне баратын жолды орташа жөндеу керек. Бұл мәселенің де шешімі тарқар уақыт жақын. Биыл Жаңақорған кентінде – 7, Төменарықта – 8 көше орташа жөндеуден өтеді. Мұндай қаржыға Қожакентте – 5, Жаманбай батырда – 3, Байгенже, Манап және Қожамбердіде – 2 көше жөндеуден өтеді. М.Нәлібаев, Сүттіқұдық, Талап, Кейден, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Қандөз, Көктөбе және Шалқия кентінде бір-бір көше орташа жөндеуден өтеді.


Бұл – Тәуелсіздік жылдары аудан көлемінде жол құрылысына салынған ең ауқымды қаржы болмақ. Ең бастысы, ауыл келбеті көркейіп, иинфрақұрылым дамып келеді, ендігі елдің тілеуі бір, ол – сапалы жол.