Жолаушылар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқан

1 679

фото: Алматы облыстық полиция департаментіненЖолаушылар мінген автобус Алматы - Шелек - Қорғас тас жолында жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан автобустың жүргізушісі қаза тауып, 11 адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі ұсталды. ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. 


"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong автобусының жүргізушісі қашықтықты сақтамаған және Mercedes Benz 2540l Actros жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Апат салдарынан алдыңғы орындықта отырған екінші автобус жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады полиция. 


Апат кезінде автобус салонында 40 жолаушы болған. Олардың он бірі түрлі жарақат алды. Бір адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді. Оқиға орнына екі медициналық бригада жеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.