Есепші мектеп директорының ақшасын жымқырған

1 621

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар КазангаповАбай облысының Ақсуат ауданында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Прокуратурасы ауданда бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуын тексеріп, оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленіп келгенін анықтады.


Прокуратураның жұмысының нәтижесінде артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.


Бұдан басқа, мектеп есепшісінің 1,3 млн теңге қаражаты ұрлағаны белгілі болды.


Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.


Ауданның құзырлы органы осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тексеруді бастады.


Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) - тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.