Қызылордалық тұрғын ауласында есірткі өсірген

1 605

Фото: ІІМҚызылорда облысында 59 түп сора өсімдігін еккен аудан тұрғыны құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.


Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан 59 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.


"Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келі 362 грамм екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.