Экс-сүйіктісін 4 ай аңдыған ер адам үстінен іс қозғалды
Астана қаласының тұрғыны қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, төрт ай бойы бұрын бірге тұрған әйелін заңсыз қудалаған. Ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам әйелге қайта-қайта қоңырау шалып, хабарламалар жіберген. Сондай-ақ оның тұрғылықты жеріне барып, үйінің маңында күтіп тұрған және балағат сөздер айтқан. Осының салдарынан жәбірленуші өз өмірі мен кәмелетке толмаған қызының қауіпсіздігіне алаңдап, үнемі қорқынышпен өмір сүрген. Сот оның жеке қауіпсіздікке және еркін қарым-қатынас жасауға деген құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен ер адам 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Ведомствоның мәліметінше, адамның еркінен тыс байланыс орнатуға немесе оны аңдуға бағытталған, елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау әрекеттері үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.
Адам аңду соттылықпен аяқталды. Елорда тұрғыны қорғау нұсқамасының талаптарына қарамастан, төрт ай бойы бұрынғы бірге тұрған әйелді заңсыз қудалаған: оған қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, тұрғылықты жеріне барған, үйінің маңында күтіп тұрған және балағат сөздер айтқан.
Нәтижесінде жәбірленуші өзінің және кәмелетке толмаған қызының қауіпсіздігі үшін үнемі алаңдап, қорқыныш сезімінде болған, оның жеке қауіпсіздікке және еркін қарым-қатынас жасауға деген құқықтары бұзылған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.Астана қаласының прокуратурасы сталкинг, яғни күш қолданумен байланысты емес, адамның еркіне қарсы байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған әрекеттер арқылы көрініс табатын, елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау үшін елу тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады, дейді Қазақстан Бас прокуратурасы.







