Полицияға ұятты жерін көрсеткен қарт кісі жауапқа тартылды

1 590

Фото: https://t.me/kozachkow/Астанадағы полиция уческесінде шалбарын шешіп, тоңқайған ер адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астана полиция департаменті ғимаратының бірінде қарияның шалбарын шешіп, жалаңаш жамбасын көрсеткен фотосы әлеуметтік желіде таралды. Суретте көрініп тұрғандай, полиция қызметкері ер адамның денесінде заңсыз заттар бар, жоғын тексермек болады. Ал басына тақия киген қарт адам оған жауап ретінде шалбарын шешіп, жалаңаштанған. Кеңседе тағы да екі әйел полиция қызметкері бар. Оның бірі камераларды тексеріп, монитор алдында теріс қарап отыр. 


Астана полиция департаменді қарияның не себепті бұл әрекетке барғанын ашып айтпады, бірақ оның осы әрекеті үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.


«Бұл факт бойынша қарт адам жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК айыппұл салынды», - деп хабарлады Астана полициясы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.