Балабақша қызметкерлері бала санын өтірік көбейтіп, бюджеттен ақша алып келген

1 696

Фото: sadik.ruСолтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында балабақша қызметкерлері өтірік бала санын көбейтіп, бюджеттен ақша алып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру саласын тексеру барысында бірқатар заңсыздықтардың бетін ашты. СҚО прокуратурасының мәліметінше, Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның қызметкері келтірілген зиянды мемлекет бюджетіне толық көлемде өтеді. Бұдан бөлек 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. 


"Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінде қызметкерлердің жоқ балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады. Бұл 2021-2024 жылдар аралығында болып, үш жылға жалғасқан", –дейді прокуратура өкілдері. 


Бұдан бөлек тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі секілді бірқатар фактілер анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.