«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

1 528

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым ЕсенТалдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Дәулет Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Антикор мәліметінше, ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.


Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.