Қызылордада «Аңсаған сәби fest» фестивалі өтуде

1 104

https://baigenews.kz/ «АҢСАҒАН СӘБИ FEST» фестивалінде Қызылорда облысындағы «Аңсаған сәби» бағдарламасының көмегімен ата-ана атанған отбасылардың бастамасымен, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының және «Экомед-Сырдария» клиникасының қолдауымен 100-ден астам кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналары бас қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша: мемлекеттік квотаның көмегімен 2021-2023 жылдар аралығында жалпы 21 000 пациентке ЭКҰ жасалып, олардың 8 000 жүктілік бойынша есепке тұрып, 7 000-ға жуық сәби дүниеге келген.


Қызылорда облысы бойынша 2021 жылы – 281, 2022 жылы – 277 квота, 2023 жылы – 274, 2024 жылы – 270 квота берілген.


Өткен 2023 жылы облысқа бөлінген 274 квотаның 63% «Экомед-Сырдария» клиникасына дайындыққа жолданып,нәтижесінде жүктілік 152 жағдайда тіркелген (55.5%). 2023 жылы ЭКҰ арқылы 119 бала туылып, 5 отбасында егіз сәбилер дүниеге келген.


Фестивальдің негізгі ұйымдастырушыларының бірі – «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша үш жыл аралығында жалпы саны 6 554 квотаны игерді. 3 540 (54%) пациент жүктілік бойынша есепке тұрған, 2 487 (38%) сәби дүниеге келген.


Фестиваль аясында Қазақстандағы алғашқы ЭКО-зертхана – «Экомед» клиникалар желісінің 30-жылдық мерейтойына байланысты, облыс дәрігерлеріне арналған «Бедеулікті емдеу: амбулаторлық буыннан қосымща репродуктивті технологияларға дейін» атты ғылыми-практикалық семинар және 100 шақты пациентке бедеулік мәселесі бойынша тегін қабылдаулар өтпекші.


«1995 жылдың 18 cәуірінде алғашқы ЭКО-зертханасын ашып, бедеулікті емдеудегі жоғарғы технологияларды енгізгеннен кейінгі 30-жылда тек Экомед клиникаларында 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Елімізде 20 шақты ЭКО-клиникалары еңбек етуде. Соңғы жылдары Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы жылына бөлінетін 7000 квота еліміздегі бұл медицина саласының дамуына және мыңдаған отбасылардың ата-ана атанып, бақытқа кенелуіне үлкен үлес қосуда. Үкіметтен осындай қолдау алып жатқанымыз үшін саланың мамандары мен бақытқа қол жеткізген пациенттеріміздің атынан айтар алғысымыз шексіз», – дейді Қазақстандағы эко әдісінің негізін қалаушы, алғашқы эко-нәрестенің авторы, профессор, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова.