АВТОКӨЛІК ІС-ШАРАСЫ РЕСПУБЛИКАМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКІЗІЛДІ
Жыл басынан қала аумағында 101 өрт оқиғасы орын алған. Оның ішінде автокөліктерде - 29 өрт оқиғасы тіркелген, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өрттердің шығу себептері жүргізушілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, электр сымдарының қысқаша тұйықталуы т.б. болып табылады. Осы ретте, қаламызда алғаш рет Төтенше Жағдайлар Басқармасының ұйымдастыруымен, атап айтқанда ТЖБ жеке құрамымен Полиция қызметкерлері және қоғам белсенділері, блогерлердің және волонтерлардың қатысуымен саптық жиын өткізіліп, жеңіл автокөлік өртінің пайда болуымен автокөліктегі газ баллон жарылысына презентация жасалды.
Автокөлік өртін алдын алу бағытында ескі көлік жүргізушілерінің автокөліктеріне техникалық тексеруді электрик мамандарының қатысуымен Қызылорда қаласы, Тауелсіздік 3 мекенжайында орналасқан KINGSMAN автокөлік жуу орталығында қала тұрғындары өз автокөліктерін тегін тексеру мүмкіндігіне ие болды.
Аталған іс-шара барысында қала аумағында полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен эвакуаторға тиелген өртенген автокөлікті халық көп шоғырланған аймақта алып жүрді.
Жоғарыда аталған автокөліктегі өрт қауіпсіздігін кеңінен насихаттау мақсатында жүргізілген іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Осы орайда, көлік жүргізушілер назарына ұсынамыз:
- Көліктерді аппаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн;
- Автокөліктердің механизмдері мен тораптарының дұрыс істеуін қадағалаңыз;
- Гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампасы) пайдаланбаңыз;
- Гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз;
- Гараж бөлмесінде темекі шекпеңіз;
Өрт оқиғасы орын алған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіруі, аккумулятор батареясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіруі, телефон арқылы "101" ,"112" нөміріне хабарлауы, сол арада өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру шараларын қолдануы қажет.