«Баунти» конфетінің ішіне жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болған

1 604

Фото: №60  мекемесі2024 жылдың 05-ші қараша күні сағат 10:30 шамасында №60 мекемесінің  жедел  бөлімінің  жедел  ақпаратына  сәйкес  сотталғанға  әйел  адам есірткіні  «Баунти» конфетінің  ішіне  жасырып  өткізбеші  болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында режим  бөлімінің  тексеру  тобының аға лейтенантты  Омаров  Самат. Канатовичің  қырағылғының  арқасында  «Баунти»  конфетінің  ішіне  жасырылған белгісіз затты анықтады.

Орын алған бойынша Қызылорда қалалық ПБ-ның  жедел -тергеу  тобы шақыртылады.  

ПБ-ның  жедел-тергеу тобы  келіп  белгісіз  затты  тексеріп  анықтау  барысында  «Баунти» конфеттерінің  ішіне  жасырылған, 12 дана  ақ  түсті қағазға оралған, өткір исі бар  жасыл  түсті  шөп  және 1 дана өткір  иісті  ақ  ұнтақ  екені  анықталды.

Аталған дерек бойынша  ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлігімен Қызылорда қалалық ПБ-ның  СДТТБТ-не №244310031002359  санымен  тіркеліп  тергеу жұмыстары  жүргізіліп жатыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.