Дүниежүзінде ауа сапасы жағынан Қазақстан ең лас 40 елдің қатарына кірді

1 410

Фото: pixabay.comАуа сапасының дүниежүзілік индексінің 2023 жылғы рейтингіне сәйкес PM2.5 бөлшектерімен ауасы ең ластанған елдердің қатарында Қазақстан 134 елдің ішінде 40-шы орынға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандағы PM2,5 орташа жылдық концентрациясы бір жыл бұрын текше метрге 23 микрограмммен салыстырғанда 22,2 микрограмм/текше метр болды. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жылдық орташа ауа сапасынан бірден 4,4 есе жоғары.

Мамандардың мәліметінше, Шу елдегі ең таза қала, ал Қарағанды ең лас қала деп саналады.

Дүние жүзінде ең ластанған елдер қатарында – Бангладеш, Пәкістан және Үндістан, ал ең тазасы – Француз Полинезиясы, Маврикий және Исландия.

ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан, Өзбекстан және Арменияның ауасы Қазақстанға қарағанда лас. Ал Әзірбайжан, Молдова, Ресей, Украинаға қарағанда таза.

Сонымен қатар, Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар 25,6 млрд теңге болд. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,8%-ға аз.

2024 жылы секторға инвестициялар Қазақстанның 20 өңірінің 13-інде ғана тіркелді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.