Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі 4 күннен кейін табылды

352
Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі төрт күннен кейін табылды. Баланың денесін "VITA" іздеушілер жасағының еріктілері тауып алды. 
Іздеушілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, 12 жасар ұлдың денесі автомобиль көпірінің астынан табылған.

"Бүгін баланың денесін іздегенімізге төртінші күн. Көмектесуге келген адамдармен бірге автокөлік көпірінің астына қайықпен өтіп, таптық. Денесін жағаға шығарып, құтқарушыларды шақырдық" , - деді ерікті.

Айта кетейік, 19 тамыз күні орталық жағалауда достарымен бірге шомылып жүрген 12 жасар бала суға батып кетті.

 "VITA" іздеушілер жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.