Қаңтар оқиғасы бойынша жеткізілген адамды азаптаған полицей сотталды

1 370

Фото: Жанар КаримоваАлматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сотта анықталғандай, 2022 жылы 8 қаңтарда Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген азаматқа полиция қызметкері азаптау әдістерін қолданған. Салдарынан жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.